- Басты
- Жаңалықтар
- Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының тұрғындары Н. Назарбаевқа алғыс білдірді
Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының тұрғындары Н. Назарбаевқа алғыс білдірді
Өздерінің хатында авторлар өңірді дамыту мәселелеріне әрдайым көңіл бөлініп, өзекті жайттарға қатысты уақтылы шаралар қабылданып отыратыны үшін ризашылықтарын білдірген, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Олар Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуынан үлкен үміт күтетіндіктерін айтады. Бұл орайда хат авторлары осы жоспардың мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту қажеттігі туралы өз өтініштерінің назардан тыс қалмай, бөлінген қаржы көлемі бір жарым есе ұлғайтылғанын атап өткен.
«Бізді «Жезқазған-Қызылорда», «Жезқазған-Арқалық» автомобиль жолдарын салу және дамыту туралы шешім қуантады. Сіздің жеке бастамаңыз бойынша қолға алынған «Жезқазған-Бейнеу» теміржол құрылысының басталғаны да біздің өңір үшін өте маңызды деп есептейміз. Біздің өтінішіміз бойынша аталған теміржол құрылысының жобасына бірқатар оң өзгерістер енгізгеніңізді біз қуана қабылдадық. Бұл ісіңіз Сіздің қарапайым халыққа деген шынайы қамқорлығыңызды тағы бір мәрте дәлелдей түсті», – делінген хатта.
Жұртшылық өкілдері «Қазақмыс» корпорациясының барлық жұмысшыларды еңбекақыларын сақтай отырып, жөндеу жұмыстарына ауыстыру туралы шешімінің де маңыздылығын айтады.
«Бұл шешім біздің өңір жұртын жігерлендіріп, корпорация кәсіпорындары болашақта өзінің жұмысын жалғастыра береді деген үмітімізді оятты», – делінген хатта.
Хат соңында авторлар Мемлекет басшысына мықты денсаулық және табыс тіле, оның бастамаларын әрдайым қолдауға дайын екендіктеріне сендіреді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады