- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясы Кеңес Одағының батырларын құттықтады
«Нұр Отан» партиясы Кеңес Одағының батырларын құттықтады
500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанса, олардың 4-еуі екі мәрте Батыр және 142-сі Даңқ Орденінің толық иегері атанды, деп партияның ресми порталы хабарлады.
Жеңіс күнін мерекелеу күндері Алматыда, Шымкентте және Алматы облысының Үштөбе қаласында өмір сүріп жатқан ардагерлерді партиялықтар арнайы барып құттықтады.
Даңқты ұшқыш-шабуылдаушы Талғат Бигелдиновты «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Матыжанов пен партия белсенділері құттықтады.
Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының ардагері талай боздақ мерт болған сол бір сұрапыл соғыс жайлы естелік айтты. Талғат Бигелдинов олардың әрқайсысы туралы өзінің мемуарларында жазғанын айтады.
Айта кетейік, 9 Мамыр қарсаңында партияның қолдауымен Талғат Бигелдинов жайлы түсірілген «Әуеге көтерілу!» деректі фильмінің тұсаукесері болып өтті.
Шымкентте өмір кешіп жатқан Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауымбаевты «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбеков құттықтап қайтты.
Алматы облысына қарасты Үштөбе қаласында тұратын Иван Косенковты да нұротандықтар Жеңіс күнімен құттықтады.
Естеріңізге сала кетсек, партия ұрпақтар сабақтастығын сақтау, қоғамда ынтымақтастық сезімін нығайту, қазақстандықтардың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерін мәңгі есте сақтап, сонымен қатар қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы әскери және еңбектегі ерліктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыруда.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі