- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР футбол федерациясы мен БҒМ Ұлттық Студенттік Лига құруға ынта көрсетті
ҚР футбол федерациясы мен БҒМ Ұлттық Студенттік Лига құруға ынта көрсетті
Тараптар аталмыш құжат оқушылар мен студенттердi тарту арқылы Қазақстандағы бұқаралық футболды дамытуға бағытталғанын атап өттi.
«Студенттік лиганың құрылуы жастар арасында спортты дәріптеуге, дамытуға үлкен септігін тигізеді. Көктемде алғашқы ойындарды Астана қаласында өткіземіз. Қыркүйекте Алматы да қосылатын болады. Осы қадам спортқа серпін әкеледі. Дамыған елдерде студенттік спорт маңызды салалардың бірі болып есептеледі. Біздің ЖОО ортақ тәртіптен ажырамаса деген ниеттеміз», - деді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Сондай-ақ, ол ЖОО Универсиада-2017 дайындалу керектігін атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстанның футбол федерациясының бас хатшысы Аллен Шайжүнісов футбол федерациясының оқушылар мен студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мемлекет саясатының басты стратегиялық бағыттарының бірі ретінде бұқаралық спорттық қозғалысты кеңейту мен қолдау жолында жұмыс істеп жатқанын айтты.
Меморандумға сай білім беру ұйымдары арасында өңірлік және республикалық турнирлер өткізіліп, сонымен қатар елдің ЖОО басын қосатын футболдан Ұлттық Студенттік Лига құрылады.
Айта кету керек, лиганың ресми ашылуы Астанадағы «Автомобилист» стадионында 14 мамыр күні өтеді. Ұлттық Студенттік Лиганың бірінші кезеңіне 8 команда қатысады. Турнирдің ең үздік үш ойыншысы Венгриядағы Қазақстан Ұлттық құрамасының жолдастық кездесуіне барады.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді