• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЭБЖМ инвестициялық келісім құру механизмдерін қайта қарауды ұсынады (Брифинг бейнебаяны)

ЭБЖМ инвестициялық келісім құру механизмдерін қайта қарауды ұсынады (Брифинг бейнебаяны)

12 Мамыр, 2014 13:16
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов ЭБЖМ Кедендік одақ аясында инвесторлармен келісім құру механизмін қайта қарауды ұсынатынын айтты.

«Қазақстан Республикасында 10 арнайы экономикалық аймақ құрылып, жұмыс істеп тұр. Кедендік одақ аясында қазақстандық тарап 2010 жылы АЭА мен еркін қойма бойынша тиісті Келісімді құру кезінде 2017 жылға дейінгі еркін қойма мен арнайы экономикалық аймақ аясында жұмыс істейтін кәсіпкрліктерге арналған жеңілдіктерді қабылдау мүмкіндіктері тоқтап тұрды», - дейді Е.Бакенов.

Аталмыш келісімге сай 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген АЭА (резиденттері) қатысушылары үшін тиісті жұмыстар талаптарын орындау кезінде АЭА-тан КО-ның өзге де аумақтарына шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған, кедендік баж салығы мен тасу салымы төлемінсіз еркін кедендік процедура  ғимаратына орналастырылған тауарларды алып шығу мүмкіндігі жұмыс істейді.

«Инвестициялық климатты жақсарту мен инвесторларға жаңа ынталандыру шараларын дайындау мақсатында ҚР Үкімет басшысының 2014 жылдың 17 наурызындағы Қаулысына сай инвестиция тарту шараларының кешенді жоспарын дайындау мен инвесторлар үшін жаңа ынталандыру пакетін енгізу ұсыныстары дайындайтын жұмыс тобы құрылды. Кешенді жоспар аясында басым бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. Бірінші кезектегі жұмыстар ретінде Қазақстан Республикасның «Инвестиция туралы» Заңына өзгерістер енгізу жоспарлануда», - дейді ол.

Бірінші кезекте, бұл мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізу – нысанды пайдалануға бергеннен кейінгі мемлекет тарапынан капиталды шығынның 30 пайызын өтеу (инвестициялық субсидия), 10 жылға корпоративті кіріс салығын төлеуден босату, мемлекеттік мекеме, ұлттық компания мен ұлттық холдингтр тарапынан инвесторлардың тауары мен қызметіне ұзақмерзімді кепілдендірілген тапсырыс болып табылады.

 «Екіншіден, бұл инвесторлармен құрылатын инвестициялық келісім аясында 10 жылға заңнамалық «тұрақтылық» ұстанымын енгізу. Сонымен қатар, инвесторлардың сұрауы бойынша рұқсаттама құжаттары мен ақпарат беру координациясы бойынша қызметтерді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне берумен инвесторларға «бір терезе» ұстанымын енгізу», - дейді Е.Бакенов. 

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар