Қазақстанда еліміздің су аймағын қолдану мерзімі ашылды

12 Мамыр, 2014 14:26
Оны ашу алдында Көлік және коммуникация министрлігі техникалық флотты маусымаралық жөндеуден, сонымен бірге 3 мыңнан астам қалқымалы және жағадағы белгілерді жөндеуден өткізді.

Бүгінгі таңда жалпы ұзақтығы 2 321 км Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндердің су жолдары учаскелерінде және ұзақтығы 923,5 км Ертіс өзенінің Шульба су қоймасы – Клин п. учаскесінде жүзу маусымы ашылды, деп ККМ-де хабарлады.

Қазақстанда кеме жүзу жалпы ұзақтығы 4 мың километрден астам Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндердің су жолдары учаскелерінде жүзеге асырылатынын атап өткені  жөн.

Маусымның ашылуы ауа райына байланысты кеме жүзу учаскелерінде 1 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүзеге асырылады, оның орташа ұзақтығы 196 тәулікті құрайды. Қазіргі таңда Қазақстанның су жолдарында кеме жүзуіне дайын.  

Барлық жаңалықтар