- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев Университетi мен «Астана» спорт клубы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)
Назарбаев Университетi мен «Астана» спорт клубы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)
Меморандумға Назарбаев Университетiнiң Студенттiк iстер және халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi вице-президентi Қадиша Дайырова мен «Астана» президенттiк кәсiби спорт клубы бас директорының мiндетiн атарушы Юрий Мельниченко қол қойды.
«Академиялық тұрғыда табысты студент атану үшін мықты денсаулық пен рухани байлық керек. Бұл тұрғыда өз септігін спорт тигізе алады. Бізге білімгерлердің бойында спортқа деген махабатты тудыратын шараларды ойластыру керек», - деді Қ. Дайырова.
Сонымен қатар, ол, бюджетте спортқа да орын қарастыру қажет екендігін атап өтті.
«Қаржыландырусыз, бюджетсіз мақсатымызға жету қиын (агенттіктің басымдылығы - спортты дамыту)», - деп Қ.Дайырова баса айтты.
Шара барысында «Астана» президенттiк кәсiби спорт клубы Назарбаев Университетiнiң және өзге де жоғары оқу орындарының студенттерiн бiрiктiрiп, «Астана» ПКСК клубтарын қолдау әрекеттерiн үйлестiретiн фан-клуб құруға дайын екенiн мәлiмдедi.
«Біздің екі брендімізді Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев біріктіріп отыр. Зияткерлер мен спортшылар үшін үлгі ретінде оңтайлы Көшбасшы. Ол денсаулық пен жоғары деңгейдегі зияткерлікті біріктіріп отыр. Айта кетерлік жайт, меморандум салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауда негіз болса жөн болар еді», - деп Ю. Мельниченко ағынан жарылды.
Тараптар клубтардың пайымдауын, миссиясы мен әнұранын даярлау, веб-парақтарды жасау және модерациялауда шығармашылық демеу көрсету, топтық PR iс-шараларды, флэш-мобтарды, би мен ән, түрлi сайыстар ұйымдастыру мен өткiзу жөнiнде, сонымен шатар командалар мен жанкүйерлер арасындағы достықты нығайтуға бағытталған студенттердiң қалалық құрама командалары мен «Астана» ПКСК командалары арасындағы достастық кездесулер өткiзу үшiн ынтымақтастықты дамытады.
Камила Амирова
Фото- Азамат Алиев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды