- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте алдағы жалпы отырыста талқыланатын сұрақтар анықталды
Мәжілісте алдағы жалпы отырыста талқыланатын сұрақтар анықталды
Депутаттардың талқылауына электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады, деп ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарлады.
Күн тәртібінің жобасына Мәжіліске түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылауды да ұсынып отыр. Олардың қатарында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бар. Сонымен қатар, құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі де қосылған.
Палата солармен бірге ратификацияланатын заң жобаларына да қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Олар: Қазақстан-Эстон үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Келісімі мен Қазақстан мен Сингапур Үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Келісім.
Бюро отырысында Мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті Қызылорда облысында (28-30 мамыр 2014 ж.) көшпелі отырыс өткізу туралы шешім қабылданды.
-
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап -
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар -
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар -
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады -
Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды -
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды