- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың сауда орталықтарында «Денсаулық дүңгіршектері» ашылады
Астананың сауда орталықтарында «Денсаулық дүңгіршектері» ашылады
Денсаулық сақтау басқармасы азаматтарға бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейін арттыру жұмыстарына басымдық береді, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.
Осы мақсатта №10 қалалық емханада халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін CALL-орталық құрылады, сондай-ақ, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының филиалы мен жастар денсаулық орталығы ашылады.
Бұдан басқа, «Денсаулық дүңгіршектері» жұмыс істейтін болады. Осы нұсқауларды белсенді пайдаланылатын шет мемлекеттердің тәжірибесі халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізу және профилактика мен Салауатты өмір салты мәселелеріне тартудың тиімділіктерін растайды.
Дүңгіршектер қаланың ірі сауда орталықтарында орналасатын болады, онда қала тұрғындары дене салмағының индексін, қан қысымын, температурасын өлшетіп, дәрігердің қабылдауына жазыла алады.
Сонымен қатар, №10 жедел медициналық жәрдемнің шағын станциясын ашу, қаланың жаңа бөлігінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ЖМЖ-нің орталық станциясын салу және машиналар паркін жаңарту үшін санитарлық 7 көлік сатып алу жоспарланған.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі