- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық туралы келісім Астанада талқыланады
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық туралы келісім Астанада талқыланады
Келісім жобасы салалар ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мен Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграцияны тереңдетуді есекере отырып сауда-инвестициялық және экономикалық бөлімдерді жаңғыртуды қарастырады, деп хабарлайды экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
Келіссөздер барысында тараптар «Сауда және инвестиция», «Экономикалық және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық», «Ынтымақтастықтың өзге де бағыттары» және Келісім жобасының «Қаржы ынтымақтастығы» бөлімдерін талқылауға ниетті.
Қазақстанның үкіметтік келіссөз делегациясының құрамына ҚР ЭБЖМ ҚР экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова – сауда және инвестиция бойынша жұмыс тобы жетекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов – экономикалық және тұрақты даму, сонымен қатар қаржылық және өзге де бағыттар бойынша жұмыс тобы жетекшісі кіреді.
Қазақстан мен ЕО жаңа Келісімге теңдей дәрежеде қызығушылық танытып отыр. Бұл өз кезегінде ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа құқықтық базаны құру арқылы концептуалды жаңа деңгейге өтуге ҚР мен ЕО-тың экономикалық және геосаяси мүддесін ескере отырып тараптардың дайындығын көрсетеді.
Келісім бойынша келіссөздер биылғы жылдың соңына дейін аяқталмақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары