Алматыда Универсида 2017-нің нысандарын салу басталады

12 Мамыр, 2014 10:27
Алматы әкімі Ахметжан Есімов мегаполистің инфрақұрылымында құрылысы басталатын обьектілерді аралап көрді.

Қала басшысы 1040 орынды Кионоконцерт залының және Универсиада 2017-нің болашақ обьектілері, оның ішінде сыйымдылығы 12 мың және 3 мың орынды мұз ареналары мен Атлеттер ауылы бой көтеретін жерлерде болды, деп Алматы әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік,басталатын құрылыстарды 2016 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі инфрақұрылымның спорт нысандарының құрылысы белгіленген кесатеге сай жүруі тиіс екендігін атап көрсетті.

«Бұл 2017 жылы өтетін қысқы Унивесриада қарсаңында өте маңызды. Осы жақында ғана Алматыда студенттік спорттың Халықаралық Федерациясының жұмысшы делегациясы болып, мегаполистің спорт нысандарымен танысты. Жоғарыда аталған нысандарды салу барысында олардың айтқандарын ескеру қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Бүгін қала басшысы мегаполиске қосылатын аумақтарды да аралап көрді, Алматы тарихында қалаға ең көлемдің 23200 га жер аумағы қосылады.

Алматы әкімі қала қосылған жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы мәселесін жасауды тапсырды және жер учаскелерін пайдалануда заңдылықты қатаң сақтауды айтты.

 

Барлық жаңалықтар