• Басты
  • Павлодар облысы мүгедектерінің үштен екісі жұмыс істеуге мүдделі – облыс әкімдігі

Павлодар облысы мүгедектерінің үштен екісі жұмыс істеуге мүдделі – облыс әкімдігі

12 Мамыр, 2014 09:42
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының баяндауынша, біздің өңірде 18 мың еңбекке жарамды мүгедектер бар. Олардың үштен екісі жұмыс істеуге мүдделі екен.

Мүгедектерге арналған 3539 бос жұмыс орны бойынша 650 мүгедек қана жұмысқа орналасқан. Өкінішке қарай кеңесте белгілі болғандай, барлық мамандық бойынша мүгедектердің жұмыс істеуі мүмкін емес.

Қ.Бозымбаев атап өткендей,  «егер ұсынылған бос жұмыс орнында мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмыс істей алмайтын жағдай болса, онда оларды қайта оқытып, белгілі кәсіпке үйретіп, олардың біліктіліктерін арттыруды қолға алу керек. Дайын мамандар болмаса, оларды оқыту қажет».

Сондай-ақ,  аймақ басшысы қалалар мен аудандар әкімдеріне келесі тапсырмаларды жүктеді: 2014-2015 жылдарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мүгедектерге бейімдеу бойынша нысаналы индикаторларды аумақтарды дамыту жоспарына енгізу; жоспарланған  әлеуметтік нысандрға мүгедектердің қолжеткізуі қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу; сауда орындары, дәріханалар мен басқа да қоғамдық орындарға мүгедектердің қолжеткізуін қаматамасыз ету мәселесін шешу; автовокзал, теміржол сапаржайлары мен әуежайларда мүгедектерге арналған қызметтердің қолжетімділігі бойынша шаралар қабылдау.

 

Барлық жаңалықтар