Қызылорда облысының Қазалы ауданында 2015 жылы 7 мектеп салынады

12 Мамыр, 2014 09:32
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев өткен жылы ҰБТ қорытындысынан ең төмен көрсеткішке ие болған Қазалы ауданында болды.

Облыс әкімдігінің ақпаратынша, ауданда бірқатар мектептер апатты жағдайда тұр.

«Аудандағы 7 апатты жағдайдағы мектеп келер жылдың соңына дейін кезек-кезігімен қайта салынады. Жарық мәселесін шешуге қажетті 182 млн. теңгені облыстық мәслихаттың сессиясында қарайтын боламыз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сапар барысында өңір басшысы мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындық барысымен танысты. Сынама тест нәтижесі қазір 72,8 пайызды құрап тұр. 

«Бастысы, мамандық таңдауда кателеспеңіздер. Облыс әкімдігінің сайтын қараңыздар. Өңірге болашақта қандай мамандықтар қажет екендігіне зер салыңыздар. Болашақтарыңыз үшін маңызды», - деп өңір басшысы оқушыларға сәттілік тіледі.

 

Барлық жаңалықтар