- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да олимпиадалық типтегі бассейн ашылды
ШҚО-да олимпиадалық типтегі бассейн ашылды
Бассейннің салтанатты ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалыкова, білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, сонымен қатар, олимпиадалық чемпион Ольга Рыпакова мен ҚР Су спорты федерациясының вице-президенті Алан Балфанбаев қатысты.
«Біздің облысымызда осымен 5 жыл қатарынан «Туған жерге тағзым ет» акциясы жұмыс істеп келеді. Бұл біздің демеуші кәсіпорындарымыз «ҚазАтомПром» мен «Қазцинктің» арқасы. Сонымен, осы игі бастама аясында соңғы жылдары облысымызға 23 млрд. теңге тартылды. Демалыс күндері балаларымыз бен жастар спортпен шұғылдансын деп біз спорттық және мәдени нысандарды тұрғыздық» , - деді өз сөзінде аймақ басшысы Б. Сапарбаев.
Айта кетерлік жайт, спорттық ғимарат 5 блоктан тұрады. Оның ішінде киім ауыстыратын, массаж кабинеті, душ, отырыс залы, дәрігер кабинеті, қазылар мен жаттықтырушылар отыратын бөлме қарастырылған.
Сонымен қатар, жүзушілер мен жарысты тамашалауға келетін қонақтар үшін барлық жағдай жасалған, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.
Бассейннің көлемі - 1050 шаршы метр, тереңдігі - 1,8 м ден 4,12 м дейін.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды