- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ТжКБ-ға дуалды білім беру жүйесін енгізу бойынша форум өтті
ШҚО-да ТжКБ-ға дуалды білім беру жүйесін енгізу бойынша форум өтті
Форума ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Сонымен қатар, шараға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚР білім және ғылым қызметкерлері одағының кәсіби одағы» ЗТБ мен кәсіподақ федерациялары, ҚР барлық өңірінің білім беру басқармасының өкілдері, ұлттық компаниялар және дуалды оқытудағы халықаралық сарапшылар қатысты.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, елдің 2050 жыла дейінгі стратегиялық дамуының басты міндеттемелерінің бірі еңбек өнімділігін арттыру, ал ол үшін жаңа еңбек ресурстарын ашу керек. Алдын ала болжам бойынша, 2015-2017 жылдары жұмыс кадрларының тапшылығы байқалмақ. Бұл елдегі демографиялық жағдаймен байланысты. Өйткені ол жылдары елдегі негізгі жас мамандардың толқыны 90-ыншы жылғы азаматтар болмақ. Өздеріңізге де белгілі, бұл уақытта респуликада туу көрсеткіші төмен болған. Сонымен қатар техникалық мамандықтар мен қара жұмыс мамандары да тапшы болмақ.
Дуалды білім берудің негізі сапалы кәсіптік жұмысқа негізделген. Ол оқу мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы жүзеге асады.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, форум қорытындысы бойынша «Білім беру туралы» заңға бірқатар өзгертулер енгізу жоспарланған.
Кездесу қорытындысында білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ШҚО әкімдігі арасында меморандумдарға қол қойылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді