- Басты
- Жаңалықтар
- Дубайдағы «Arabian Travel Market» көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырды
Дубайдағы «Arabian Travel Market» көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырды
Көрме аясында елдің туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан барған делегаттар таныстырды, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.
Көрмеге туризм индустриясының барлық құрылымдары – халықаралық туризм федерациялары, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, туристік және транспорттық агенттіктер мен туроператорлар, қонақ үйлер, сақтандыру компаниялары жән өзге де ұйымдар қатысты. Биылғы жылы көрмеге әлемнің 135-тен астам елінен шамамен 20 мыңдай адам қатысты.
ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, жұмыс барысында Қазақстан әлеуетті инвесторлардың қызығушылықтарын оятты. Бірінші кезекте, Маңғыстау облысындағы Кендерлі демалыс орны мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қасқасу тау-шаңғысы демалыс орнын дамыту жобасы олардың назарына ілікті. Сонымен қатар, қазақстандық өңірлер өз әріптестерімен туризм саласындағы келіссөздерге қол қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы