Өңірлерді дамыту туралы халықаралық конференция Астанада өтеді

11 Мамыр, 2014 17:05
Астанада 15 мамыр күні «Қазақстанның өңірлерін дамытудың мүмкіндіктері, шарттары мен ұсыныстары» атты халықаралық конференция өтеді.

Конференция «Қазақстанның өңірлік дамуы» атты ЕО жобасының ҚР Өңірлік даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылады.  

Шараға қатысушылар Қазақстандағы микро және стартап кәсіпкерліктер, арнайы экономикалық және индустриялды аймақ, шағын және моноқалалар, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың қатынасы саласындағы өңірлерді дамыту әдістері, мүмкіндігі мен болашағы жайлы өз ойларын ортаға салады, деп хабарлайды ҚР ӨДМ.

Халықаралық сарапшылармен қатар конференцияға қатысушылар өңірлік даму мәселесі бойынша негізгі ұсыныстар мен тұжырымдамаларды қамтитын бірлескен резолюция дайындайды.

Конференция бағдарламасы пленарлы отырыс, микро және стартап кәсіпкерліктер, арнайы экономикалық және индустриялды аймақ, шағын және моноқалалар, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың тиімді қарым-қатынасы үшін қажетті шарттарды дайындау мен механизмдерін жетілдіру бағыттары бойынша түрлі секцияларды қамтиды. 

Барлық жаңалықтар