- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының ӨКП кәсіпкерлерді оқыту үшін шетелдік мамандарды тартуды ұсынуда
Алматы облысының ӨКП кәсіпкерлерді оқыту үшін шетелдік мамандарды тартуды ұсынуда
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, Жастар кәсіпкерліктері орталығында студенттерді оқытуда инновациялық идеяларды талқылау мен енгізу үшін «Кәсіпкерлік-2050» форсайт жобасының кезекті сессиясы өтті.
Шараға қатысушылар университеттердің кәсіпкерлік үшін білікті мамандарды дайындауда қызығушылықтарының төмен екендіктерін айтты. ҚР ҰКП хабарлауынша, бұл мәселені шешу жолы шетелден мамандарды тарта отырып кәсіпкрлерді оқыту болып табылады.
«Егер Қазақстанның ЖОО-да ағылшын тілінде білім берілетін болса, онда мамандардың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілттіліктері арта түсетін еді», - дейді қатысушылар.
Түлектер мен шәкірттер әлеуметтану, тарих, экология секілді пәндерді оқыту сағаттарын қысқарту туралы ұсыныс айтты. Керісінше шәкірттердің өзін өзі дамыту үшін кәсіби пәндер көбірек оқытылса дейді.
Кәсіби бағытталған жұмыстарды атқару да кәсіпкерлерді дайындауда айтарлықтай мәнге ие. Дұрыс таңдалған мамандық студенттің ғылымға деген құштарлығын арттырып, өз ісінің маманы болуға жол ашады.
Сонымен қатар, оқыту әдістемелерін өзгерту, талқылау шараларында пікірталас шараларын көптеп ұйымдастыру мен әлдеқандай шешім қабылдауда өзінше жол таңдай білуі үшін студенттерге «еркін ойлауға» мүмкіндік беру туралы ұсыныстар айтылды.
Шара барысында ЖОО-кәсіпкерлік ара-қатынасы кестесі анықталды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”