Алматыда ТКШ мамандарына арналған курстар өтеді

11 Мамыр, 2014 16:16
Бюджеттік Бағдарламаны іске асыру аясында Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылысының ұлттық палатасы, ҚР өңірлік даму министрлігінің қолдауымен 12 мамырдан бастап Алматы қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

Курстардың мақсаты - кондоминиум объектілерін басқару органдары басшылары мен жұмыскерлерінің (ПИК, басқарушы компаниялар), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен тұрғын үй испекциялары мамандарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тіршілікті қамтамасыз ету және сервис қызметінің аралас бағыттары жұмыскерлерінің кәсіпқой құзыреті мен білім деңгейін арттыру.

Тұрғын үйлердің техникалық жағдайы көптеген үлкен сұрақтарды туындатуда. Тұрғын үйлерді басқарудың қалыптасқан моделі заманауи талаптарға жауап бермеуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жасалып жатқан үйлерді жөндеу жұмыстары да сапасы жағынан болсын энергия үнемдеуі бойынша да күткен нәтижені көрсетпеуде

Курс қатысушылары арасында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашыығын жаңғырту бағдарламасын іске асырылу жайында да дисскуссиялар жүргізу көзделген.

Біліктілікті арттыру курстардың қатысушылары тұрғын үйлерді басқару мен жөндеудегі ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық және энергия тиімділік мәселелерін кең көлемде талқылайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 160 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үй бар, жалпы аумағы 180 млн. шаршы метрден асады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар