- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ «ұйқы дертіне» шалдығу себебі бойынша 7 мыңға жуық зерттеу жүргізді
ДСМ «ұйқы дертіне» шалдығу себебі бойынша 7 мыңға жуық зерттеу жүргізді
«Радиациялық медицина және экология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Апсаликов Қ.Н. жетекшілік еткен жұмыс тобы кенттің табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын зерделеп, экологиялық зерттеулер, дәрігерлердің көмегіне жүгінген адамдардың медициналық құжаттарын сараптады.
Сондай-ақ, Красногорский ауылының тұрғындары медициналық тексеруден өткізілді.
Радиациялық фонның, ауыр металдар тұзының шекті концентрациясының артуы анықталған жоқ. Бактериялық және вирусологиялық сараптамалар теріс нәтиже көрсетті, деп Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.
«Ауру маусымға қарай, негізінен желтоқсан айының соңы мен наурыздың басында пайда болады. Жұмыс тобы сараптама нәтижелері негізінде ауру белгілерінің пайда болуына жылу маусымында жертөлелерде және желдетілмейтін тұрғын үйлерде жиналып қалатын буланудың жоғары концентрациясы себеп болды деген алдын ала қорытынды жасап отыр. Ауруханаға жеткізілген науқастар тұратын үйлерде (оның ішінде жертөлелерде) жасалған сараптамалар соны көрсеткен», - делінген хабарламада.
Таралу көзін анықтау қажеттігі есепке алына отырып, материалдар ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жанындағы ведомствоаралық комиссияға берілді.
Ұлттық ядролық орталықтың өңірдегі жұмысы жалғасуда.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді