• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде ҮИИД МБ кәсіпкерлеріне экспорттық қолдау көрсету бойынша семинар өтті

Ақтөбеде ҮИИД МБ кәсіпкерлеріне экспорттық қолдау көрсету бойынша семинар өтті

11 Мамыр, 2014 15:42
Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі Ақтөбе облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен және кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен біріге отырып «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан кәсіпкерлерге арналған экспорттық қолдау көрсету бойынша» семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - кәсіпорын өнімдерін экспортқа шығару кезіңдегі ақпараттық және қаржылай қолдау көрсету болып табылады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Семинарға қатысушылар-2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін  ҮИИД бағдарламасы аясында жүзеге асып келген кәсіпорындар басшылары мен өкілдері, сонымен қатар қаланың басқа да экпортқа бағытталған кәсіпорындар болып табылады.

Семинарда экспорттық операциялар мен аталмыш бағытта жаңа мүмкіндіктер аталды.

Бұдан басқа, «Даму» КДҚ АФ өкілі «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндіріс кәсіпорындары басшыларының Германия, АҚШ елдеріне тәжірибе алмасуға мүмкіндіктің бар екендігі туралы ақпараттандырды.

Айта кетейік,  ҮИИД бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан ақтөбеліккәсіпорындар өз өнімдерін экспортерлері болып келеді, мысалға «Рамазан», «Коктас», «Изет Гринхаус», «АЗМ» ЖШС және т.б. сияқтылар.

Барлық жаңалықтар