• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Ауғанстандағы әскери техниканың Қазақстан арқылы транзиті туралы заңның ратификациялануын мақұлдады

Мәжіліс Ауғанстандағы әскери техниканың Қазақстан арқылы транзиті туралы заңның ратификациялануын мақұлдады

26 Желтоқсан, 2012 00:00
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы кезінде палата депутаттары «2009 жылғы 6 қазанда Астанада қол қойылған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлемені мақұлдады.

«2009 жылғы хаттама Қазақстанның Ауғанстан Республикасын тұрақтандыруға, біріншіден, біздің өңірдегі елдердің қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерді жоюға қосқан үлесінің айнымас бір бөлігі боп табылады», – деді СІМ вице-министрі Алексей Волков.  

Барлық жаңалықтар