- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қазақстанда 500 стандарт дайындалады – ИЖТМ
2014 жылы Қазақстанда 500 стандарт дайындалады – ИЖТМ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық талаптарының жалпы саны 5223-ді құрайды. Солардың ішінде халықаралық талаптармен үндестірілгенінің саны 3787 құрайды. Бұл пайыздық көрсеткішпен санағанда 72,5%, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан 2013 жылғы мемлекеттік стандарттау жұмыстары жоспары бойынша 526 стандарт дайындалып, мақұлданды. 2014 жылы тағы 500 талапты енгізу қарастырылған.
«Осы орайда салалар бойынша мемлекеттік стандарттардың саны төмендегідей: мұнай-газ саласы, аралас өндіріс 460 (үйлестірілу деңгейі 80,4%), азық-түлік өнеркәсібі 441 (63,5%), жол-транспорттық және темір жол техникасы 362 (76,8%), құрылыс материалдары мен құрылыс саласы 401 (78,3%)», - деп хабарлайды ведомство.
Айта кету керек, экономика мен өнеркәсіптің тиісті салаларына аталмыш талаптарды енгізу үшін 2013 жылы Алматы мен Астана қалалары және облыстардың әкімдіктерімен мақұлданған дайындық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, салалық министрліктер тарапынан техникалық реттеу мен стандарттарды енгізу бойынша 9 салалық жоспар бекітілді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды