- Басты
- Жаңалықтар
- Профессор Ч. Ньюланд Қазақстанға әлемдегі жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы ерекше рөлі үшін алғыс айтты
Профессор Ч. Ньюланд Қазақстанға әлемдегі жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы ерекше рөлі үшін алғыс айтты
Өз хатында профессор Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси жетістіктеріне, оның өңірлік әрі жаһандық көшбасшы ретіндегі 1992 жылдан бергі орнықты дамуына тоқталған, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ч.Ньюланд Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында жүргізілген өзгерістерді іске асыру кезіндегі батылдықты ерекше атап өткен.
«Зейнеткерлер мен өзге де көпшілік көмекке аса мұқтаж болған қиын кезеңдегі Сіз бен біздің аз уақыт қана кездескеніміз есімде. Сіз халықтың атынан олардың күнкөрісіне ғана емес, Қазақстанның жарқын болашағына кепілдік бере отырып, сенімді әрекет еттіңіз. Астананың қалыптасуының алғашқы кездеріндегі көптеген қиындықтар да ойға оралады, қазір бұл сол кездекөптеген сын-қатерлер қарсаңында тұрған елдің ең бір көреген шешімі ретінде мойындалып отыр», – деп жазады автор.
Профессор қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы елдің одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз етеді деген пікірін білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның бүгінде конституциялық институттардың нығаюы, заңның үстемдігі саласында көш басынан көрінуін жалғастырып отырғанын айтады.
Ч.Ньюланд саяси лауазымға тағайындалатындар санының қысқартылуы, «А» басқарушылар корпусының құрылуы және Мемлекет басшысының басшылығымен мемлекеттік қызметтің кең ауқымда кәсібилендірілуі маңызды жетістіктер екеніне назар аударған.
Хатының соңында автор Қазақстанға әлемдегі жаһандық сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған айрықша рөлі үшін ризашылық, сондай-ақ еліміздің одан әрі қарай қарқынды дамуына деген сенім білдіреді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады