- Басты
- Жаңалықтар
- Индонезияда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Индонезияда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Мәдениет министрлігі хабарлағандай, мәдениет күндері аясында Джакарта қаласында индонезия халқының назарына фотосурет көрмесі, «Елбасы жолы» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері ұсынылып, соңы Қазақстанның танымал өнер шеберлерінің қатысуымен өтетін гала-концертке жалғасады.
Концертте ҚР еңбек сіңірген әртістері Ескендір Хасанғалиев, Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Біржан Хасанғалиев, Данияр Байжуманов, Балжан Жүнісова, Медет Шотабаев, сонымен қатар Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, «Белес» этно-фолк тобы мен «Салтанат» мемлекеттік ансамблі өнер көрсетеді.
Екі елдің достық қарым-қатынасының дәлелі ретінде 2013 жылы Астана қаласында Индонезияның мәдениеті күндері өтіп, оның аясында Индонезия өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт, фотосурет көрмесі, тоқыма бұйымдарының көрмесі және фильмдер көрсетілді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары