- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП сарапшылары Павлодар облысындағы ауыл шарушылығы кәсіпорындарын аралады
ҚР ҰКП сарапшылары Павлодар облысындағы ауыл шарушылығы кәсіпорындарын аралады
Ұлттық палатаның сарапшылары үш күн бойы Успен, Шарбақты, Ақтоғай, Лебяжи және Павлодар аудандарын аралады. Әр ауданда кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді, деп palata.kz хабарлады.
Іс-сапар нәтижесі аудандардағы шағын шаруа қожалықтар да тұрақты дамып келе жатқанын көрсетті. Алайда, кәсіпкерлердің айтуынша, шешімін таппай отырған мәселелерде баршылық. Олар көбіне субсидиялау, несиелеу, жанармай тапшылығы, әкімшілік кедергілер мәселелерімен байланысты.
ҰКП Агроөндірістік кешені хатшылығының жетекшісі Бауыржан Қасенов атап өткендей, бұл проблемалар Ұлттық палатаның бақылауына алынып, оларды шешу бойынше шаралар кешені қабылданды.
«Мемлекет басшысы барлық аймақтарда мал шаруашылығы мен мал азығы өндірісін көтеруді тапсырған. Осы мақсатта Үкімет арнайы бағдарламаларды жасақтауда. Біз үшін маңыздысы осы мәселеде кәсіпкерлердің мүмкіндігінің ескерілуі. Сондықтан да біз өңірді аралап, кәсіпкерлерімен кездесуді жөн санадық. Айта кетерлік жайт, Павлодар облысы «Жайлау» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан пилоттық екі аймақтың бірі. Сапар аясында біз жақсы көрсеткіштерді көріп отырмыз. Сонымен қатар, оның қорытындысы бойынша мал шаруашылығын кейбір бағыттарын дамыту бойынша өз ұсыныстырымызды әзірлеп Үкіметке жіберетін боламыз», - деп Б. Қасенов атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР ҰКП Хатшылығының жетекшісі Бауыржан Касенов, кездесулер қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстыры мен шағымдары ҰКП басшылығына жеткізіледі, деп баса айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді