- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жас пианистердің Astana Piano Passion халықаралық байқауы басталды
Астанада жас пианистердің Astana Piano Passion халықаралық байқауы басталды
Байқаудың ресми порталы хабарлағандай, «Astana Piano Passion” Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында әлемге аттары аян болған жас дарынды музыканттардың керемет концерті өтеді.
Барлық балалар ірі халықаралық байқаулар сыйлығының иегерлері. Астанадағы жеңістерінен соң, олардың өнер көрсету кестелері бұрынғыдан да тығыздана түсті, жас шамаларына қарамастан, олардың әрқайсысы әлемнің түрлі елдерінде бірнеше мәрте жеке концерттерін берді. Астанадағы концерт аясында жас пианисттер Э. Григ, Р.Вагнер, Ф.Лист, Р. Шуман, С. Рахманинов және басқа да композиторлардың белгілі шығармаларын ойнауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 11 мамырда сағат 19.30-да «Астана-Опера» опера және балет театрының камералық залы сахнасында өнер көрсетеді.
Еске салсақ, 2013 жылы алғашқы байқау өтіп, онда әлемнің 20 елі мен 60 қаласынан келген 130 жас дарындар өз өнерлерін көрсетті. Қазақстан, Ресей, Украина, Жапония, АҚШ, Австралия, Оңтүстік жіне Солтүстік Корея, Дания, Италия, Армения, Сингапур және Қытайдан келген финалисттер Астана қаласының ең үздік концерттік алаңдарында Астана қаласы филармониясының Симфониялық оркестрімен өз өнерлерін көрсетуге мумкіндік алды.
Байқауға әлем елдерінің 18 жасқа дейінгі пианисттері қатысты. Байқаудың жалпы сыйлық қоры – 60 000 АҚШ долларын құраған болатын.
Бұдан басқа, «Astana Piano Passion” Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауы күндерінде Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің және оның байқау лауреаттарымен бірге концерті, сондай-ақ РФ Президенті сыйлығының лауреаты Екатерина Мечетинаның жеке концерті өтеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды