• Басты
  • Жаңалықтар
  • Интеграция кедендік кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады

Интеграция кедендік кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады

10 Мамыр, 2014 09:49
Қазақстан Президенті Нидерланд Корольдігіне ресми сапарының және Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит жұмысының қорытындылары бойынша өткен брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев интеграция кедендік кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілікті арттыратындығын айтты.

«Интеграция кедендік кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Сондықтан біздікі таза прагматикалық мүдде – елді дамыту, экономиканы көтеру және ІЖӨ ұлғайту. Ал біздің саяси тәуелсіздігімізге келсек, ол мызғымайды, Қазақстан ешкімге егемендігін бермейді. Бірақ белгілі бір экономикалық өкілеттіктерді біз, мысалы, Еуропалық одақтағы секілді ұлтүстілік органдарға беретін боламыз, онда Еурокомиссия кедендік мәселелерді шешеді, сауда, тарифтер, мұнай мен газ тасымалы, электр энергиясы, темір жол және автомобиль жолдары саласын реттейді», - деді Елбасы.

Болашақ одақта барлық мәселе консенсустық негізде шешілетін болады, деді ол.

«Түпкілікті шешім үшін барлық үш мемлекеттің де келісімі талап етіледі. Сондықтан мұнда ешқандай алаңдау болуға тиіс емес, бұл барлық мемлекеттерге,  әсіресе дағдарыс жағдайында тиімді. Интеграциялық үдерістер ілгерілей береді, бұл да біздің тәуелсіздігіміздің мәселесі», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

Барлық жаңалықтар