Ақмола облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

10 Мамыр, 2014 11:21
Көкшетауда Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 69 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

«Жеңіс күні кейінгі ұрпақ санасында мәңгілікке сақталмақ. Бұл Жеңістің біз үшін қадірі мол. Біз сол үшін де енді ешқашан жер бетінде соғыстың болмауын тілейміз», - дейді облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов.

Облыс әкімі мен өзге де ресми тұлғалар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс жылдары қайтыс болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Кейін аталмыш шара Тәуелсіздік алаңында ардагерлерге арналған театрландырылған қойылыммен жалғасып, кейін дәстүрлі әскери асхана ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Кеңес Одағы Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұланы Мәлік Ғабдуллиннің басына гүл шоқтары қойылды.

Айта кету керек, соғыс жылдары бұл облыстан 80 мың адам фронтқа аттанып, оның 48-і Кеңес Одағы Батыры атанды. Бүгінде облыста 271 соғыс ардагері бар.

Барлық жаңалықтар