- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада Қазақстанның ДСҰ кіру мәселесі талқыланды
Ақордада Қазақстанның ДСҰ кіру мәселесі талқыланды
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың, соның ішінде сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылды. Бұдан бөлек, Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға қоса, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның Құрама Штаттармен екіжақты қарым-қатынасты белсене дамытуға әзір екенін айтты.
«Таяуда мен Гаагада АҚШ Президентімен кездестім. Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін, сондай-ақ әлемде бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуалды егжей-тегжейлі талқыладық. Оған қоса, бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейде бұдан әрі де жалғастыру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың жылы лебізін жеткізіп, АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікке деген ұзақмерзімді айнымас ұстанымын атап өтті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі