• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразиялық Одақ еуроатлантикалық және азиялық даму кеңістігін тіркейтін берік құрылым ретінде қалыптасуы керек

Еуразиялық Одақ еуроатлантикалық және азиялық даму кеңістігін тіркейтін берік құрылым ретінде қалыптасуы керек

6 Мамыр, 2014 13:16
Экономикалық тұрғыда біз Еуроодақтық, Шығыстың, Оңтүстік-Шығыстың, Оңтүстік Азияның экономикасын косатын көпір болуымыз керек, деп Мемлекет басшысы Н. Назарбаев мәлім етті.

«Еуразиялық одақ еуроатлантикалық және азиялық даму кеңістігін тіркейтін берік құрылым ретінде қалыптасуы керек.  Экономикалық тұрғыда Еуразилық Одақ  Еуроодақтық, Шығыстың, Оңтүстік-Шығыстың, Оңтүстік Азияның экономикасын косатын көпір болуымыз керек», - деп Мемлекет басшысы мәлім етті.

Сонымен қатар, ол, халықаралық «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» көлік дәлізі жобасын жүзеге асыру заманауи көлік-логистикалық жүйесінің дамуының көрінісі болады және еуропалық, қытайлық нарыққа тауар жеткізілімін 3,5 есе қысқартады, деп атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, болашақта трансеуразиялық жылдам темір жол желісін құрудың мүмкіндігі де көрініп отыр.  Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Еуропалық Одақпен, Қытай Халық Республикасымен, Жапониямен, Үндістанмен ынтымақтастық орнатуы жоспарланған», - деп Н.Назарбаев түйді. 

Барлық жаңалықтар