Мемлекет әскери қызметкерлерге барлық жағдайды жасап отыр – Н.Назарбаев

7 Мамыр, 2014 13:06
Бүгін Астанада өткен ҚР Қарулы күштерінің әскери шеруінде ҚР ҚК Жоғарғы Басқолбасшысы Н. Назарбаев: «Бүгінде мемлекет әскери қызметкерлерге барлық жағдайды жасап отыр», деп ағынан жарылды.

«Құрметті қазақстандықтар және Отан қорғаушылар, сіздерді патриотизммен ерліктің мерейлі мерекесімен құттықтаймын. Біздің мемлекетіміз қабылданған 2050 Стратегиясы бойынша қарқынды дамып келеді. Біздің экономикамыз тұрақты, бірлігіміз жарасқан, күшті әскерімізде дайын.  Біз жаңа Қазақстан рухына, болашақты насихаттау рухына берікпіз. Бұл біздің елімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көргісі келетін барша қазақстандықтың арманы. Осы мақсатта олар аянбай тер төгуде, бірі зауыт салса, енді бірі жол төсеп, нан пісіруде, ал тағы бірі балаларды біліммен сусындатса, тағы бірі инновацияларды жасақтауда.  Біздің барлық аймақтарымыз, ауылдарымыз, қалаларымыз  біркелкі бірінен-бірі қалмай дамып келеді. Біздің басты байлығымыз – бейбітшілік пен келісім. Ал, әр азаматтың абыройлы міндеті еліміздегі бірлік пен тыныштықты сақтау», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы, «Бүгінде бүкіл Қазақстан алпауыт индустралды платформаға айналды және осының негізінде біздің табысымызбен жетістігіміз қалануда», деп ағынан жарылды

«Біз шағын және орта бизнеске үлкен қолдау көрсетудеміз. Біз бюджет қызметкерлерінің, кәсіпорын қызметкерлерінің  барлығына жалақыны көтердік. Сонымен қатар, зейнетақыны, әлеуметтік жәрдемақыны, шәкіртақыны да арттырдық. Бүгінде мемлекет әскери қызметкерлерге барлық жағдайды жасап отыр», - деп Елбасы атап өтті.

Мемлекет басшысының хабарлауынша, «әскер әрдайым заманауи қарулы техникамен жабдықталада, әскери оқу-жаттығулар өткізіледі. Жауынгерлер мен офицерлерге барлық жерде әлеуметтік көмек қарастырылған. Барлық жерде жағдайы толығымен жасалған әскери қалашықтар, жаңа тұрғын үйлер, спорт кешендері салынуда».

«Бұл мемлекетіміздің әскерге көрсетіп отырған қамқорлығы. Біздің қарулы күштеріміз, ұлттық қәуіпсіздік және ішкі істер органдары, мемлекеттік күзет қызметтері, Ұлттық гвардия, Төтенше жағдайлар министрлігі алдарына қойылған міндеттердің барлығын орындауда», - деп Н. Назарбаев өз ойын түйді.

 

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар