Н. Назарбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 Мамыр, 2014 12:46
Бүгін Астанада «Қазақ елі» алаңынын алдында ҚР ҚК Жоғарғы Басқолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

«Мен, Сіздерге – Отан қорғаушыларына үндеу тастаймын.  Өздеріңіздің міндеттеріңізді абыроймен атқарыңыздар. Сіздердің басты міндеттеріңіз еліміздің тыныштығын сақтау, біздің егемендігімізді қорғауда қайсартықтарыңызды көрсету және сіздер  қазақстандық ұрпақтың барлық буынының алдында отанды қорғаудың, патриотизмнның жарқын үлгісі болуларыңыз керек», - деді  Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі шеру – біздің күшімізді, қазақстандық әскердің жоғары жауыргерлік рухын көрсетудің бірегей мүмкіндігі.

«Құрметті қазақстандықтар Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Біздің әскеріміз жасай берсін! Қазақстанымыз жасай берсін! ", - деп ҚР Президенті жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, Елбасы, Қазақстан келесі жылы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерей тойын кеңінен атап өтетінін тілге тиек етті.

«Сондықтанда, әр ардагерге қолдау көрсетілуі керек. Біз сұм соғыста еліміздің азаттығы үшін жан берген батырларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап 2,5 мыңнан астам жауынгерлер  мен офицерлер әскери шеруге дайындалды. Әскери шеруге барлық әскер түрлері қатысуда.  Олардың ішінде ІІМ, ТЖМ, шекара қызметінің  әскери қызсметкерлері бар. Сонымен қатар, шеруде қазақстандық әскердің заманауи техникасы да көрсетілді. 

Барлық жаңалықтар