- Басты
- Жаңалықтар
- Жеңіс күніне орай Өскемен мен Барнауыл арасында телекөпір өтті
Жеңіс күніне орай Өскемен мен Барнауыл арасында телекөпір өтті
Кездесуге ШҚО мен Алтай өңірінің ардагерлері келді, деп ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.
Телекөпірдің «Ортақ соғыс-ортақ жеңіс» аталуы тегін емес. Телекөпірге қатысушылар фашизмге қарсы күресте түрлі ұлт өкілдерінің тізе қосып, иық тірісе күш біріктергенін айтты. Майдангер қариялар өмірінің ең ауыр кезеңі - сұрапыл соғыс жылдарын естеріне алды. Өрімдей жас шақтарында майданда қан кешіп, Ұлы Жеңіске жеткен шақтарын ой елегінен өткізді.
Кездесуде екі аймақтың басшылары барлық тұрғындар атынан ардагерлерге алғыс білдірді.
«Барлық ел-жұрт бірігіп, алдыға ортақ мақсат қоятын болса - жеңіске жетеді. Сіздер бүкіл әлемге патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін таныттыңыздар. Біз, бүгінгі ұрпақ өкілдері Сіздерге тағзым етіп, алғыс білдіреміз»,-деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.
Тарихта тұңғыш рет орын алып отырған екі аймақ арасындағы бұл телекөпір, көршілес екі мемлекет пен тағдырлас халықтардың тарихи және рухани байланысының мызғымастығының бір дәлелі болды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды