Ақтөбе облысы Отан қорғаушылар күнін атап өтуде

7 Мамыр, 2014 09:42
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саясабындағы Флагшток жанындағы алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтуде.

Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетов, Ақтөбе қаласының әкімі Е.Омаров, мемлекеттік мекемелер басшылары, Ақтөбе әскери гарнизонының, құқық қорғау органдарының өкілдері, Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштер ардагерлері, Т.Бегелдинов атындағы ӘҚКӘИ курсанттары, облыстың ІІД қызметкерлері, жастар, қала қоғамдастықтарының өкілдері қатысуда.

Алаңда Астана қаласындағы әскери шеруден тікелей эфир көрсету ұйымдастырылады, содан соң митингі болады, делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысының ІІД бөлімшелеріне  50 автомашинаның кілті тапсырылады.

Салтанатты бөлік аяқталғаннан кейін «Ел қорғаны - қарулы күштер» мерекелік концерті қойылады, оның бағдарламасында Ақтөбе әскери гарнизонының үрмелі оркестрінің плац-концерті, Т.Бегелдинов атындағы ӘҚКӘИ шығармашылық ұжымдары өнерлерін көрсетеді.

Дәл осы күні Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетов  3 соғыс ардагеріне, қайтыс болған 3 соғысқа қатысушының жесірлеріне, тұрғын үй алуға кезекте тұрған,  қайтыс болған соғысқа қатысушылардың  отбасына пәтерлерге сертификат тапсырады. 

Барлық жаңалықтар