Серебрянский зауыты 95 млн теңгеге сынау стендін алуды жоспарлауда

6 Мамыр, 2014 17:53
ШҚО ақпараттық орталығында өткен баспасөз конференциясы аясында ШҚО бойынша ИЖТМ метрология және техникалық реттеу комитетінің жетекшісі Бақытқан Кунафиянов Серебрянский зауыты сынау стендін алу үшін 95 млн жұмсауды көздеп отырғандығын айтты.

«Серебрянский органикалық емес өнімдер зауытын» дамыту үшін автоматтандырылған сынау стендін алу жоспарланып отыр. Ол 95 млн теңгені қажет етеді. Айта кетерлігі, бұл аталмыш бағыт бойынша ҚР-дағы тұңғыш база болмақ», - деді Б. Кунафиянов.

Сондай-ақ, департаменттің 3 жобасы бойынша біріншілік лаборатория құру мен «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС базасында сынақ алаңының ұлғаюы қарастырылуда.

Айта кетерлігі, ШҚО әкімдігінің қолдауы арқылы бұл жобалар пилоттық деп танылып «Даму» КҚҚ» АҚ мен «Ұлттық техникалық  даму агенттігінде» таныстырылды. Оларды қаржыландыруға рұқсат алынды. Қазір құжаттарды дамыту үрдісі жүруде. 

Барлық жаңалықтар