Иманғали Тасмағамбетов ҰОС ардагерлеріне пәтер кілттерін табыстады

6 Мамыр, 2014 17:34
Бүгін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мереке аясында Ұлы Отан соғысының 4 ардагерімен кездесті. Елордаға ағымдағы жылы көшіп келген ардагерлерге пәтер кілттерін табыстады.

Қала әкімдігі хабарлағандай, бүгінгі таңда ҰОС ардагерлері баспанамен қамтылған. 2009-2013 жылдар аралығында коммуналдық қордан 218 пәтер берілді.

Айта кетейік, 2014 жылдың 1 сәуіріне сәйкес Астанада Ұлы Отан соғысының 258 ардагері өмір сүруде, оның ішінде мүгедектер- 64 адам. Олардың барлығы жергілікті бюджеттен бөлінген 150 мың қаржы көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыға ие болды.

Бүгін қалада ардагерлерге бірқатар әлеуметтік қолдау жасалады: коммуналдық және өзге төлемдерді төлеуге жеңілдіктер мен  қоғамдық көлікте тегін  жүру мүмкіндігі берілген. Шипажайлар мен дәрі-дәрмек құралдары тегін түрде беріледі. 

Барлық жаңалықтар