• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Қасымбеков Қазақстан кәсіпкерліктеріне КО-ның оң әсері туралы баяндады

Б. Қасымбеков Қазақстан кәсіпкерліктеріне КО-ның оң әсері туралы баяндады

6 Мамыр, 2014 17:25
Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесу барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков Қазақстан кәсіпкерліктері үшін КО оң әсері туралы баяндады.

«Бизнесті енгізу және ынтымақтастық сауданы КО аясында дамыту дағдарыс кезінде  дайын тауарларды сақтап қана қоймай, олардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Оның ішінде ШОБ үлесі де көбейді», - деді Б. Қасымбеков.

Оның айтуынша, экономиканың көлемі 3 қатысушы-елде 2,2 трлн теңгені құрайды. Жалпы өндірістік өнім көлемі үш елде 1,5 трлн долларды құрайды.

«Қазақстанның КО елдерімен сыртқы тауар айналымы тұрақты динамикаға ие, ол 2013 жылдың қорытындысы бойынша 24,3 млрд АҚШ долларын құрады, ол 2010 жылдың 18,8 млрд АҚШ доллары  көрсеткішімен салыстырғанда 29 пайызға жоғары.Тауар айналымы құрылымында импорт – 18,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Жоғары көлемі 96 пайызды немесе 17,7 млрд долларды үлесі Қазақстанның негізгі серіктесі Ресейге жіберілді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол қажетті тауардың импорты-16,7 пайызды құрағанын айтты.

«Экспортта дайын тауарларда 350 млн АҚШ доллары көлемінде реэкспорт бар екенін атап өту қажет. Осындай тұрғыда отандық тауар көлемінің реэкспорты АҚШ-қа 850 млн долларға дейін жетті, яғни 1,4 есеге өсті», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар