• Басты
  • Білім беру жүйесінің негізгі бағыты PISA моделі болды – А. Құлтуманова

Білім беру жүйесінің негізгі бағыты PISA моделі болды – А. Құлтуманова

6 Мамыр, 2014 17:07
Білім беру жүйесінің негізгі бағыты мектеп оқушыларының сауаттылығын тексеретін 15 жылғы оқыту жетістіктерін бағалайтын Халықаралық бағдарлама (Program for International Student Assessment – PISA) моделі болды. Оны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өткізіп отыр. Бұл туралы Ұлттық білім беру статистика және бағалау орталығының директоры Алмагүл Құлтуманова мәлімдеді.

«Қазақстан-2050» терминологиялық анықтамалығында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында кездесетін  ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, саяси және тарихи ережелер мен тезистердің 90 түрі жарияланған. Оның ішінде «Оқушылардың қызметтік сауаттылығы» термині де бар.

«Оқушылардың қызметтік сауаттылығын  дамыту бойынша ұлттық шаралар жоспарын ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен орындады. Ол оқу үрдісін нәтижелірек ететін құжат», - деді А. Құлтуманова.

Оның айтуынша, оны құрастыру барысында  мектеп оқушыларының сауаттылығын тексеретін  15 жылғы оқыту жетістіктерін бағалайтын  Халықаралық бағдарлама  (Program for International Student Assessment – PISA) моделі негізгі рөлге ие болды.

PISA тесті «Оқушылар мен студенттер қазіргі заманғы қоғамда еңбек ету үшін қаншалықты білімге ие?» деген негізгі сұраққа жауап береді. PISA  білім алушылардың академиялық білімін емес, оларды қолдану тәжірибесін зерттейді.

PISA-2009 жобасына тұңғыш рет қатысу елдің білім беру жүйесінде білім беру стратегиясының жақсаруына мүмкіндік берді. PISA-2012 екінші этапы PISA-2009 жылғы тәжірибемен салыстырғанда жақсы көрсеткішке ие болды. Әсіресе, ол математикалық және жаратылыстану бағытына басымдық берді. Сауаттылық пен математикалық білім көрсеткіші 27  ұпайды құраса, 25  ұпай  жаратылыстану  бағытының көрсеткіші.

«Бұл көрсеткіш елдің 100 ұпайлық көрсеткіші ішінде жақсы дәреже. Қанағаттанарлық дәреже  оқу сауаттылығын зерттеу барысында айқындалды», - деді А. Құлтуманова.

Қатысу қорытындылары бойынша, аталмыш жобада ұлттық үйлестіру бағдарламасы – Статистика мен бағалау ұлттық орталығы Ұлттық қорытынды есепті жариялады. Онда тіл, өңір, қала, ауыл көрсеткіштері жеке-жеке көрсетілген. Қазіргі таңда Қазақстан PISA-2015 жобасына дайындалуда.

 

Барлық жаңалықтар