- Басты
- Жаңалықтар
- Жаһандану жағдайында көлік-логистикалық кешен аймақтың экономикалық өсімінің драйверіне айналуы қажет – Н. Назарбаев
Жаһандану жағдайында көлік-логистикалық кешен аймақтың экономикалық өсімінің драйверіне айналуы қажет – Н. Назарбаев
«ТМД мен Балтық жағалауы елдерін байланыстыратын теміржол көлігі бойынша Кеңестің 60-шы мерекелік отырысының Қазақстанда өтуі біздің елдеріміздің ортақ теміржол кеңістігін дамытудағы айтулы оқиға. Кеңес жұмысының арқасында аймақ елдерінің интеграциялық байланыстарын дамытудың іргетасын қалау мүмкін болды»,-делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
«Еуроодақ пен Азиялық-Тынық мұхиты аймағы арасында орналасқан, біз Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия арасындағы геоэкономикалық көпір ретіндегі табиғи бәсекелестік артықшылығына иеміз. Жаһандану жағдайында көлік-логистикалық кешен аймақтың экономикалық өсімінің драйверіне айналуы және ол әлемдік көлік инфрақұрылымына интеграциялануы тиіс»,-деп атап көрсетілген Президенттің құттықтау сөзінде.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Қазақстан бүгінде еуроазиялық көлік кеңістігін дамытуға елеулі үлес қосады.Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы біздің еліміздің аймақтық дамуы мен өндірістік күштерінің орналастырылуы есепке алынған халықаралық дәліздерді ықшамдайтын жаңа теміржол желілері салынды және салынуда.
Құттықтау сөзінің соңында Н.Назарбаев отырысқа қатысушылардың жұмыстарына жеміс, темір жол саласын дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу тілеп, Кеңестің мерекелік отырысы жұмысының халықаралық көлік-логистикалық жүйесін дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады