Шығыс Қазақстанда экономикалық қорға бақылау күшейтілді

6 Мамыр, 2014 14:33
Облыстық әкімдікте ішкі экономикалық өсім қоры мәселесі бойынша қала мен аудан әкімдері есептерінің тыңдалымы өтті.

Өңір басшысы қолда бар экономикалық өсім қорын, соның ішінде егістік алқаптың көлемін арттыру, қолданылмай  жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару және ҮИИД МБ жобаларын ерекше атап өтті. Облыс әкімі жылжымалы мүлік, салықтық  түсімдер, жер қойнауы қорын тиімді пайдалану мен еңбек жалақысын арттыруға есеп жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар,  тыңдалымда тірек ауылдар мен моноқалаларды ары қарай дамыту қажеттілігі айтылды. Олардың даму қарқынын ұстап тұру керек. Шығыс Қазақстан облысы моноқалалар жобасын іске асырған алғашқы өңірлердің бірі боып табылады.

Әкімдерге өңірдегі жастар саясатын іске асыру барысы жайлы сауалдар жолданды: ЖОО мен колледждер түлектерінің жұмысқа орналасуы, студенттерді жазғы жұмыспен қамту, жастар ұйымының қызметі жайлы көкейкесті мәселелер көтерілді.  

Шараның соңында аудандарға өңірдің туристік әлеуетін арттыру тапсырмасы берілді. Облыс әкімінің айтуынша, бюджет кірісінің басты көзі туризм саласы болуы керек. Басты назарда экологиялық және ауыл туризмі тұруы  қажет.

Барлық жаңалықтар