• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті Отан қорғаушылар күніне қарсы мемлекеттік марапаттарды табыс етті

Қазақстан Президенті Отан қорғаушылар күніне қарсы мемлекеттік марапаттарды табыс етті

6 Мамыр, 2014 12:29
Бүгін 7 Мамыр қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада мемлекеттік марапаттарды табыстап, жоғары әскери және арнайы атақтарды ұсынды.

«Құрметті отандастарІ Бүгiн елiмiздiң Қарулы күштерiнiң мемлекеттiк мерекесi күнi, Ұлы Отан соғысының мерекесi қарсаңында Қарулы күштердiң жоғары қолбасшысы, Елбасы ретiнде мен сiздердi жоғарғы мемлекеттiк ордендермен марапаттауға шақырып отырмын. Бұл отан алдындағы мiнсiз мiндеттерiңiздi мемлекеттiң бағалағаны болып саналады. Бiздiң халқымызда «Бейнеттiң де зейнетi бар» деген сөз бар. Сол iстеген бейнеттерiңiз жанып, мемлекет қызметтерiңiздi бағалап отыр. Өздерiңiзге ордендер мен медальдар тапсыру арқылы мемлекет сiздерге өздерiнiң ризашылығын және бағасын бередi», - дедi Н.Назарбаев. 

Мемлекет басшысы қызметкерлердің   тек қана марапат үшiн қызмет істемейтіндігін  айта кетіп, олардың  елге сіңірген еңбектері  жануы керектігін айтты.

 «Сіздер елдiң тәуелсiздiгiн, азаматтардың бейбiт өмiрi мен тыныштығын қорғап жүрсiздер. Бiз өздерiңiзге қарап Қазақстанның жарқын болашағына сенемiз. Iстеген еңбегiңiз бен жүрiс-тұрыстарыңызбен жастарға үлгi болып келесiздер», - деп толықтырды Мемлекет басшысы. 

Президент мемлекет мүддесiн биiк қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету әрбiр патриоттың iсi болып саналатынын атап өтті. 

«Бiз – өткендi өнеге, қазiргiнi қастер тұтамыз, ертеңгi күнге үмiтпен қарайтын халықпыз. Осылайша асыл арманымызды қажырлы еңбек, батыл әрекет арқылы жүзеге асырамыз. Әскери және қызметтiк парызды абыроймен атқарып, отанға қалтқысыз қызмет iстеп келесiздер. Сол үшiн барша Қазақстан халқы болып ризашылығымызды бiлдiремiз», - деп түйіндеді Елбасы.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар