- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ІІО қызметкерлеріне арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті (ФОТО)
Астанада ІІО қызметкерлеріне арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті (ФОТО)
Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов ардагерлерді құттықтап, оларды Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен ерлігі үшін алғысын білдірді.
Шараға Ішкі істер минисртрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, ішкі істер органдарының және ішкі әскер ардагерлер Кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков, ішкі істер және ішкі әскер органдарының зейнеткерлері – Ұлы Отан соғысының ардагерлері тыл еңбеккерлері және оған теңестірілген тұлғалар қатысты.
«Бүгінгі өткізіліп отырған шараның жастарды патриоттық тәрбиеге баулудағы маңызы ерекше. Аға буын ардагерлердің әскери және азаматтық борышын өтеудегі ерен ерліктері кейінгі толқын сарбаздары мен жалпы өскелең ұрпақ үшін үлкен мектеп. Жалпы, бұндай шаралардың неғұрлым жиі ұйымдастырылып, ата-баба мен замандастырымыздың аңызға айналған ерліктері барынша кеңінен насихатталуы керек», - деді шара барысында полиция майоры Қ.Жұмабаев.
Оның айтуынша, ерлік дастандарының дәріптелуі мен ұрпаққа патриоттық сезімді ұялату ең алдымен елдің бейібітшілігін қаматамасыз етудің кепілі болып табылады.
Сондай-ақ шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери және қызметтік міндетін үлгілі орындағаны үшін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен батырлығы және қайсарлығы үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен қайтыс болғаннан кейін ІІО ардагері Қайролла Жакудин марапатталып, орден батырдың жесіріне табысталды.
Сонымен қатар, II дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР Ұлттық гвардиясы Әскери институтының бастығы Жұмабек Ахметов марапатталды. Ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері «Ерен ерлігі» медалімен және де ҚР Ұлттық гвардиясы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 7552 әскери бөлімінің әскери қызметкері «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Айта кетейік, бүгін қызметтік борышын атқаруда қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскердегі әскери қызметкерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Аталмыш монумент қазақстандық полицияның 20 жылдығына орай ашылған болатын.
Бауыржан Мұқанов
Фото-Азамат Алиев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті