- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ аясында «Астана Invest 2014» Халықаралық инвестициялық форумы өтеді
АЭФ аясында «Астана Invest 2014» Халықаралық инвестициялық форумы өтеді
«Астана Invest» Форумы Астана қаласына инвестициялар тартуға, қатысушыларды қаланы инвестициялық дамытудың өзекті үрдістеріне тарту, халықаралық ынтымақтастықты жақсарту және Астана қаласы брендін ілгерілетуге бағытталған, деп ұйымдастырушылар хабарлады.
Форумның басты мақсаты - Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерінін таныстыру және алдағы уақытта қала экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар ағындарын ынталандыру болып табылады.
Форумда мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары, шетелдік компаниялар, қаржы институттары, Астана қаласының ірі және орта бизнес өкілдерінен 400-дей адамның қатысуы жоспарланып отыр.
Форумда Қазақстанның елордасын инвестициялауға, Астананың топ «ақылды қалаларының» рейтингіне енуі және қаланың инфрақұрылымын «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге дайындауға байланысты мәселелер талқыланады.
Бұдан басқа, Форум қонақтарына Бірыңғай индустриялық-инновациялық көрмесі шеңберінде және Астана қаласының Индустриалдық паркіне бару кезінде елорданың инвестициялық жобаларымен танысуларына мүмкіндік туады.
Форумқа қатысу әлеуетті инвесторларға өңірдің бизнесті жүргізудегі экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларын зерделеуге, Астананың инвестициялық ұсыныстарымен танысуларына, сондай-ақ ресми және іскерлік қауымы өкілдерімен өңірлік инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылауға мүмкіндік туады.
Өткен жылғы форумда 500 қатысушы жиналып, оның нәтижесінде әлеуетті инвесторлармен 1,5 млрд. долларға ынтымақтастық туралы 10 Меморандумға қол қойылып, оның шеңберінде қала аумағында нақты жобалар жүзеге асырылуда.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр