Малайзияда ОҚО-ның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды

6 Мамыр, 2014 11:35
Малайзия астанасы Куала Лумпур қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері» атты халықаралық бизнес-форум өтті.

Делегацияның құрамында «Шымкентқұс», «ЭкофармИнтернейшнл», «Долчефарм», «Қайып ата», «Lider NK», «Санаторий «Көктерек» т.б. бизнес құрылымдардың өкілдері бар.

Шарада отандық кәсіпкерлерге малайзиялық ірі инвесторлар мен бизнесмендер алдында өз жобаларының таныстырылымын өткізуге мүмкіндік жасалды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Шетелдік кәсіпкерлер Оңтүстікте инвестиция салып өркендетуге болатын мал және құс шаруашылығы, фармацевтика, машина жасау, туризм, қонақүй мен сервис бизнесі жөнінде кең мағлумат алды.

Форум аясында отандық және малайзиялық кәсіпкерлер арасында әріптестік орнату жөнінде меморандумдарға қол қойылып, инвестициялық жобаларды бірлесе жүргізуге келісім жасалды.

 

Барлық жаңалықтар