• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық индустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз етеді

Еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық индустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз етеді

5 Мамыр, 2014 17:10
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық индустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз ететіндігін айтты.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия табысты жұмыс істеп тұр.Қазақстан, Беларусь және Ресей Біртұтас Кеден кодексін қолданып, өздерінің макроэкономикалық саясаттарын үйлестіріп отыр», - деді Қазақстан Президенті.

«Тек қатысушы үш ел экономикасының жиынтық көлемі 2,2 триллион долларды құрайды. Үш ел шығарған өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1,5 триллион АҚШ долларына жуықтады. Жиынтық ІЖӨ-нің өсімі түріндегі интеграциялық тиімділіктің перспективасы 2030 жылға қарай шамамен 900 миллиард долларды құрай алады», - деді ол.

«Осылайша, еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық индустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз етеді. Ол әлемдік құрылыс парадигмасының көпқырлылық жағына қарай ауысуы драмалық актісі жағдайында жүріп жатыр. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық – бұл тек экономиканың ғана емес, сондай-ақ, халықаралық құқықтың, жаһандық саясаттың дағдарысы», - деді Н. Назарбаев.  

Барлық жаңалықтар