• Басты
  • Жаңалықтар
  • Агенттік жұмыс істегеннен бастап ғарыш саласында 14 халықаралық келісім орнатылды – Т. Мұсабаев

Агенттік жұмыс істегеннен бастап ғарыш саласында 14 халықаралық келісім орнатылды – Т. Мұсабаев

5 Мамыр, 2014 17:43
Қазғарыш жұмыс істегеннен бастап 5 үкіметаралық және 9 ведомствоаралық келісім орнатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Қазғарыш халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. Ведомство мына елдермен қарым –қатынас орнатты: Ресей Федерациясы, Украина, Франция, Үндістан, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Корея, Швеция, Нидерланды Королдігі, Сауд Арабиясы», - деді Т. Мұсабаев.

Оның айтуынша, бүгінде Ресеймен және Украинаның кәсіпкерліктерімен  ынтымақтастық жүргізу белсенді дамуда.

Оған қоса, Еуропа мен Азияның жетекші елдерімен ғарыштық ынтымақтастық құру туралы келісімдер орнатылды.

«Қазғарыштың жұмыс істеген уақытынан бастап, ғарыш саласында 5 үкіметаралық  және 9 ведомствоаралық келісім орнатылды», - деді Т. Мұсабаев. 

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар