- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
Қарағанды облысының әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
«Жеңіс күнінен кейінгі өткен жылдар сіздердің ерліктеріңізді одан сайын ұлықтай түседі. Бұл дегеніңіз Отан мен өмірге деген шексіз махаббат пен ерліктің үлгісі. Сіздер жаумен бетпе бет келіп қиын қыстау кездері елдің қамын жедіңіздер», - деді облыс әкімі ардагерлерге.
Өздеріңізге де белгілі, өткен жылы Курск маңындағы шайқастағы жеңістің 70 жылдығы атап өтілді. «Курск қақтығысына 70 жыл» медалімен Қарағанды облысынан 35 адам марапатталды. Соның 34-і бұрындары да аталмыш сыяпатқа кенелсе, 35-інші медальді Бауыржан Әбдішев соғысқа қатысқан жауынгер Камал Дүйсембековтың төсіне тақты.
Ардагерлерді қабылдау шарасы соңында оларға гүл мен құнды сыйлықтар таратылды.
Жалпы, Қарағанды облысында 454 Ұлы Отан соғысы ардагері мен мүгедегі өмір сүреді. Тағы 939 адам соларға теңестірілген болса, енді 19 694-і тыл ардагерлері.
Айта кету керек, мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жалпы құны 320 млн теңге болатын бір реттік материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады