• Басты
  • Жаңалықтар
  • КО деңгейіне сай болу үшін отандық кәсіпорындар өнімнің сапасын арттыруы керек – М.Томпиев

КО деңгейіне сай болу үшін отандық кәсіпорындар өнімнің сапасын арттыруы керек – М.Томпиев

5 Мамыр, 2014 16:09
Бүгін ОКҚ өткен брифингте «Қазақстандық құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Марал Томпиев: «КО деңгейіне сай болу үшін отандық кәсіпорындар өнімнің сапасын арттыруы керек», деп ағынан жарылды.

«Мен қазақстандық кәсіпорындарға шикізатты жақсарту үшін жаңа ұлттық стандартты жасақтауды ұсындым. Мүмкін сапасы жоғары болуы үшін олардың құрамына бір элемент қосатын шығармыз. Тек сол кезде ғана қазақстандық кәсіпорындардың өнімінің  техникалық стандарты жоғары болады. Олай болмаған жағдайд күресу өте қиын», - деп М. Томпиев ағынан жарылды.

Оның пайымынша, бүгінде көптеген қазақстандық өндіріс салаларында дәл осындай жағдайлар орын алуда.

«Біз Ресей және Белорусиямен бісекелестік ортаға түскенде  кейбір жағынаннан ұтылып қаламыз. Рас, олардың тиімділік мастшаты төмен алайда өндіріс көлемі өте көп. Сондықтанда біз отандық кәсіпкерлерге бәсекеге қаьбілетті болуға шақырамыз. Оның бір ғана жолы инновациялық қызметпен айналысу, яғни сапаны көтеру», - деп М. Томпиев мәлім етті.

Сонымен қатар, ол, жергілікті зауыттарды мысалға алды.

«Мысалы, бізде терезе зауыты мүлде жоқ. Алайда Үкімет осындай зауытты салмақшы. Бүгінде «жылу өткізу» коэфиценті бар. Қазіргі таңда ол баяғыша - 0,4 - 0,5 тең немесе 50% құрайды. Ал, Ресейде бұл кстандарт  0,8, Еуропада  - 1 тең. Демек, терезеден күнннің сәулесі 100%-ға өтеді және жылуды сыртқа шығармайды», - деп өз ойын М. Томпиев толықтырды.

«Егер, біз  0,8 коэфицентіне көшетін болсақ, онда Қытацй мен Ираннан келетін арзан қол терезелерге тиым саламыз. Алайда біз Ресейге шекарамызды ашып қоямыз, себебі, біз олардың стандартын қабылдадық», - деді ол сөз соңында.

 

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар