- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мүгедектерге әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізілуде
Астанада мүгедектерге әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізілуде
Олар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаншалықты қолжетімді екенін тексереді.
Аталмыш топтың құрамына қала әкімдігінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді, деп Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қазіргі уақытта олардың әрқайсысы зерттеу үшін Астананың адамдар ең көп баратын 10 нысанының тізімін жасап жатыр. Мәселенің деңгейін анықтаған соң олар ғимарат иелерімен кездесіп, әрбір мүгедек жан осы мекемелерге ешбір кедергісіз кіруі үшін қандай өзгерістер енгізу қажет екендігін жеткізеді.
Сонымен қатар, қоғамдық топ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Астана қаласының қолжетімділік картасын жасауды да жоспарлап отыр. Аурухана, театр немесе үйдің кіреберісі болсын, олар елордамыздың және еліміздің мүгедектері үшін қолжетімді болуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударуға шақырған болатын.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады