Семей автоқұрастыру зауыты «ГАЗельдерді» шағара бастады

5 Мамыр, 2014 14:36
Семей автоқұрастыру зауыты қалыптасқан сұранысқа сай өздерінің тауарларын кеңейте түсті. Биыл «СемАЗ» ЖШС «ГАЗель» автокөлігі базасында арнайы автотранспорт автоқұрастыруды қолға алды.

«Жедел жәрдем», «сүт тасу», «тоңазытқыш» көліктерін тұтас метал  фургондар базасында түрлі модификацияда жинайтын боламыз. Бұл сериялық шығарылым емес, тапсырыс бойынша өндірілетін болады. Зауыт базасында 4 сынақтық «ГАЗель-Бизнес» көліктері шығарылды. Оның екеуі толықжетекті болса, екеуі артқы жетекті көліктер», - дейді «СемАЗ» ЖШС бас директоры Асемқан Досқожанов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, зауытта табиғи газбен жұмыс істейтін арнайы автобус модельдерін шығару жолға қойылды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.  

Соның ішінде алғашқы 50 автобус тапсырысқа жасалып, 2014 жылы Алматыға жөнелтіледі.

Кәсіпкерлік Еуро-3, Еуро-4 стандарттары бойынша және соляркамен жүретін автобус түрлерін шығара бермек. 

 

Барлық жаңалықтар